Сәуір айында Қазақстанда 176,5 мың автокөлік тіркеуге қойылды. Оның көбі жеңіл автокөліктер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің деректеріне сілтеме жасаған Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды kursiv.media
Бір ай ішінде қазақстандықтар 154,2 мың жеңіл автокөлік, 11,3 мың жүк көлігі, 1,5 мың автобус және 1,9 мың мопедті тіркеуге қойған.
Осылайша, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстандағы автокөлік саны шамамен 6 миллионға жетті. Оның 83,9%-ы – жеңіл көліктер.
Елдегі көліктердің басым бөлігі 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып жүрген автокөліктер. Олардың үлесі 45,1%-ды құрайды. Ал 10 жылдан 20 жылға дейінгі көліктердің үлесі 26,6%, 3 жылдан 7 жылға дейінгілері – 9,4%, 7 жылдан 10 жылға дейінгілері – 4%, ал 3 жылдан аз уақыт пайдаланылған көліктер – 14,6%.
20 жылдан асқан көліктер ең көп тіркелген өңірлер қатарында Алматы облысы көш бастап тұр, бұл аймақта 337,9 мың көлік бар. Одан кейін Алматы қаласы – 226,7 мың, Жамбыл облысы – 206,3 мың және Қарағанды облысы – 192,8 мың көлік.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
