Қазақстанның еңбек нарығы тыңғылықты зерттеліп келеді. Бұл жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM
— 2025 жылы QS (Quacquarelli Symonds) компаниясымен бірлескен зерттеуді бастадық, сондай-ақ тек талдап қана қоймай, экономиканың қажеттіліктерін болжауға мүмкіндік беретін HolonIQ платформасы енгізіліп жатыр. Осының нәтижесінде біз алғаш рет: халықаралық таксономия негізіндегі жұмыспен қамтудың толық көрінісін; тапшы құзыреттердің нақты сипатын; болашақ кәсіптерге қатысты болжамды алдық, — деді ол.
Сонымен бірге, министрдің сөзінше, зерттеу төрт секторға сұраныс жоғары екенін көрсетті. Олар — деректермен жұмыс, машиналық оқыту, цифрлық инженерия және киберқауіпсіздік.
Бұдан бөлек, салалық білім мен жасанды интеллектіні ұштастыратын гибридті кәсіптердің жаңа қабаты қалыптасып келеді.
— Талдау Қазақстанда бүгінгі таңда жеткілікті маман даярланбай отырған аса маңызды кәсіптердің сегіз кластерін айқындады. Олар: озық өндіріс, цифрлық технологиялар, таза энергетика, қаржылық қызметтер, өмір туралы ғылымдар, қорғаныс саласы, креативті индустриялар, кәсіби қызметтер, — деді Саясат Нұрбек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
