Дүйсенбі, 11 мамыр, 17:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді

11.05.2026

32 0

Фото: «AMANAT» партиясы

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен жаңа Конституциясы Гималайдағы Айленд-Пик (Имджа-Це) шыңына, 6189 метр биіктікке көтерілді. Бұл миссияны әйгілі қазақстандық альпинист Ғалымжан Құсманов жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл жетістік тек спорттық нәтиже ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық беделін нығайтатын маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр. Мұндай жетістіктер елдің әлемдік альпинизмдегі орны бар мемлекет екенін айғақтайды.

Экспедиция барысында Қазақстан туымен бірге «AMANAT» партиясының жалауы да көтерілді. Бұл жоба жастарға үлкен мақсаттарға жету үшін тәртіп, төзімділік және отанға адалдық қажет екенін көрсететін үлгі ретінде сипатталуда.

Ғалымжан Құсмановтың бұл сапары бұған дейінгі жетістіктерінің жалғасы. Ол партия қатарына қабылдану кезінде Қазақстан Конституциясы мен партия жалауын Мәжіліс спикері, партия төрағасы Ерлан Қошановтан қабылдап алған болатын. Альпинист үшін бұл рәсім формальды емес, жеке жауапкершіліктің символы болған.

Айленд-Пикке көтерілу аса қиын ауа райы жағдайында өтті. Спортшының айтуынша, желдің қатты екпіні мен қарлы боран әр қадамда кедергі келтірген.

«Гребеньде желдің екпіні соншалық – әрең тұрасың. Қар бетке ұрады. Алда – мұз және жартасты өткелдер. Мұнда не алға жүресің, не кері қайтасың. Мен батыр бабалар жолын таңдадым – кері шегіну жоқ», деді Ғалымжан Құсманов.

Бұл табыс оны халықаралық деңгейдегі рекорд иегері ретінде бекітті. Ол «7 вулкан» халықаралық бағдарламасын толық аяқтаған алғашқы қазақ атанды. Финалдық шың – Мексикадағы Орисаба (5636 м) болды. Бұған дейін Қазақстан туы Африка, Оңтүстік Америка және Антарктидадағы ең биік шыңдарда көтерілген.

Альпинист өз таңдауының себебін құндылықтардың ұқсастығымен түсіндіреді. Оның айтуынша, альпинизм де, қоғамдық қызмет те нақты әрекет пен нәтижені талап етеді.

Алдағы жоспарлар қатарында 6476 метрлік Мера-Пикке шығу және «7 шың» бағдарламасын Аляскадағы Денали шыңын бағындыру арқылы аяқтау бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: