Сейсенбі, 21 сәуiр, 18:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі қашан қаралатыны белгілі болды

21.04.2026

58 0

фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстанда ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі 2026 жылдың соңына дейін қарастырылады. Бұл туралы елдің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев үкімет брифингінде хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Қазіргі кезде Қазақстандағы ең төменгі жалақы 85 мың теңге (179 доллар) болып отыр.

2025 жылдың күзінен бастап Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінде ең төменгі жалақыны арттыру мәселесі 2027–2029 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау кезінде қарастырылатыны айтылған. Бұл 2026 жылдың соңына таяу. Себебі бюджет жыл сайын желтоқсанда келесі үш жылға бекітіледі.

Қазіргі таңда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге (315 доллар) дейін көтеру мәселесі талқылана бастаған еді.

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин хабарлаған болатын. Оның айтуынша, нақты мерзімдер әзірге белгіленбеген. Өйткені шешім жан-жақты пысықтауды талап етеді және бюджет мүмкіндіктеріне де тәуелді.

Билік халықаралық тәжірибеге сүйенеді. Ең төменгі жалақы медиандық жалақының шамамен 50%-ына тең. Қазақстанда медиандық жалақы шамамен 302 мың теңге. Бұл көрсеткіш арттыру үшін бағдар ретінде алынып отыр.

Мұның алдында Асқарбек Ертаев Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың өзгеріп, мүмкіндігі шектеулі адамдардың көбірек жұмысқа тартыла бастайтынын хабарлаған еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: