Бейсенбі, 02 мамыр, 14:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ер адам анасын аяусыз ұрған

09.08.2023

405 0

Ақмола облысында ер адам өз анасын соққыға жықты деген күдікке ілінді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

«Ақмола облысында 51 жастағы ер адам өз анасына дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінді. Аталған факті бойынша Аршалы аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деді полиция.

Бұған дейін қарт әйелдің қызы ағасының 85 жастағы анасын жарақаттағаны туралы полицияға арызданған болатын.

«3 тамыздағы сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, шабуыл жасаушының әрекеті «Денсаулыққа келтірілген зиянның орташа ауырлығы» деп бағаланды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатайтатын заңнамаға енгізілген түзетулер күшіне енді», – деп қорытындылады полиция.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: