Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам ата-анасын пышақтап өлтірген

07.09.2023

468 0

Ақтөбеде 4 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында ерлі-зайыпты өз пәтерінен өлі табылды. Оларды баласы өлтіргені анықталды, – деп хабарлайды Massaget.kz Ақтөбе облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Оқиға орнына Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, облыс прокурорының міндетін атқарушы Қуандық Рахметов шықты. Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен ұсталып, Ақтөбенің УҰИ-не қамауға алынды.

«Сол күні №2 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Жүргізілген тергеу іс-шараларымен екі адамды өлтірді деген күдікті анықталды», – деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратура өкілдері.

Құзырлы ведомство мәліметінше, В. есімді ер адам мас күйінде жанжал кезінде ата-анасын пышақтап тастаған. 

Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: