Жұма, 03 мамыр, 14:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Гүл дүкенінде «прокурордың ұлы» қызметкерге қоқан-лоқы жасаған

10.08.2023

461 0

Шымкент прокуратурасы гүл сататын дүкеніндегі резонанс тудырған оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Прокуратура мәліметінше, 8 тамызда әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та Romantic гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін тудырған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған.

«Аталған адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, шымкенттік гүл дүкеніндегі заңсыз әрекеттері үшін жеті тәулікке қамауға алынған.

«Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі гүл дүкендерінің бірінде сатып алушының заңсыз әрекеттері түсірілген видео тарады. Тұран АПБ қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде құқық бұзушыны анықтап, оны полицияға жеткізді. Алайда сатушы ер адамға қатысты арыз жазудан бас тартты. Осыған қарамастан, полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама жасады», – деді Шымкент полициясы өкілдері.

Іс бойынша жиналған материалдар құқық бұзушыға қатысты шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілгенін атап өткен жөн. Сот қаулысына сәйкес ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: