Бейсенбі, 21 мамыр, 22:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды

21.05.2026

49 0

Фото: Арал ауданы

Бүгін «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасы аясында «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Мюзикл әлемі» концерттік сапары Арал ауданынан бастау алды.

«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды
«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды

Шығармашылық сапар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық банкі» АҚ демеушілігімен жүзеге асырылып отыр.

«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды
«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды

Бағдарлама көрерменге әлемдік мюзикл мәдениеті мен қазақ музыкалық өнерінің үндестігін ұсынуға бағытталған.

«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды
«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды

Кеш барысында қазақ халық әндері, әлемдік хиттер, театрландырылған қойылымдар мен мюзиклдерден үзінділер орындалды.

«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды

Концерт барысында көрермен назарына балалар мен отбасылық аудиторияға арналған музыкалық нөмірлер де ұсынылды. Атап айтқанда, «Baby Shark», «The Lion King Sleeps Tonight», «In the Still of the Night» композициялары орындалды.

«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды
«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды

Сондай-ақ театр әртістері қазақстандық мюзиклдерден арнайы үзінділер сахналады.

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасы кәсіби театр және музыкалық өнерді өңірлерге кеңінен таныстыруға, мәдени байланысты нығайтуға және көрерменгесапалы шығармашылық жобаларды ұсынуға бағытталған.

«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды

Айта кетейік, концерттік бағдарлама 22 мамырда сағат 16:00-де Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында және 23 мамыр сағат 17:00-де Байқоңыр қаласындағы Карен Шахназаров атындағы «Сатурн» кино концерт залында өтеді.

«Халық әуені» өнер керуені Арал ауданынан бастау алды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: