Бейсенбі, 25 сәуiр, 07:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

ХҚО-лар жұмысын қайта бастады

10.01.2022

800 0

2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚО-лар өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды.

Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін. Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚО-лар жұмыс істемейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы автоХҚО-лар мен ХҚО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады. Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: