Сенбі, 27 сәуiр, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ішімдік ішкен көлік жүргізуші адам қағып, мерт қылды

09.08.2023

444 0

Талдықорғанда ішімдік ішкен көлік жүргізуші адам қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған факті 8 тамызда Талдықорған маңында «Алматы-Өскемен» тас жолының 272-шақырымында «MAN» автокөлігінің қатысуымен тіркелді. 61 жастағы облыс орталығының тұрғыны жүк көлігінің дөңгелектерінің астына түсіп, ауруханаға жетпей көз жұмды», – делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жаяу жүргінші жол жиегіндегі жүк көлігінің артында тұрған. Жүргізуші оны байқамай, көлікті артқа жүргізген кезде қағып кеткені белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайын Талдықорған полициясы анықтап жатыр. Биыл облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік апаты тіркелді. Онда 17 адам қаза болып, 69 адам түрлі жарақат алған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: