Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов бастаған жұмысшы топ «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнына қарасты кәріз насос станцияларының жай-күйіне зерделеу жүргізді.
Тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуде және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуде маңызды салалардың бірі саналатын кәріз жүйесі тоқтаусыз жұмыс жасау қажет. Бұл бағытта жұмысшы топ №6 «Южный», №101 орта мектеп жанындағы кәріз насос станциясы, Саяхат тұрғын ауданындағы шағын КНС, натрий гипохлоридін өндіру қондырғысы нысандарын аралап, олардың қазіргі уақытқа бейімдеу, жүйені жаңғырту жұмыстарын көрді.

Сондай-ақ, Тасбөгет кентінің тұрғындарының шағымына байланысты осындағы модульді биологиялық тазарту станциясында ассенизаторлық автокөліктерден қабылданатын сарқынды сулар жолы тоқтатылды. Қазіргі таңда Саяхат тұрғын ауданында аталған қызмет түріне есептелген шағын кәріз насос станциясының құрылысы жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
