Жексенбі, 28 сәуiр, 10:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Кенже ұлды немереміз деп ойлаған»: Қызылордада он сегіз балалы ана тұрады

31.07.2023

659 0

Қызылордалық Фатимакүл Нұрмағанбетова он сегіз құрсақ көтеріп, одан алпыстан астам немере, отыздан астам шөбере сүйіп отыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетпіс бес жастағы Фатимакүл апа Жалағаш ауданының Еңбек ауылында тұрып жатыр. Құдай қосқан қосағы Сәбит Қаршығаев екеуінен өрбіген ұрпақ бүгінде өз алдына үй-жайға айналды. 1978 жылы туған бір ұлы, егіздің сыңары 2011 жылы дүниеден өтті. Ал Сабыт аға екі жыл бұрын қайтыс болды.

«Кенжеміз Аман өмірге келгенде әкесін атасы деп ойлап, құжатқа «немересі» деп тіркеп жіберіпті. Әкесі кейін қайтадан атына ауыстырып алды», – деді кейуана.

Алтын алқа иегері балаларының көбін дәрігерге жүгінбей-ақ босанған. Жан-жақта жүрген балалар қуаныш-тойда қарашаңыраққа жинала қояды. Осы айдың басында ғана түгел дерлік алтын құрсақты ананы туған күнімен құттықтай келіпті. Алтынай Көлбаева – тамырын кеңге жайған әулеттің жетінші келіні.

«Өзіміз төрт ағайындымыз. Көпбалалы ортаға түскен алғашқы кезде қорқыныш болғаны рас. Бірақ енем білмегенімді үйретіп, көмегін аяған емес. Бәріміз жиналғанда даладағы ошаққа, дәу қазанға тамақ істейміз. Оның өзі қызық», – деді Алтынай.

 Сәбит аға мен Фатимакүл апа қарапайым еңбек адамдары. Бірі шопыр болса, екіншісі құрылыс саласында қолтаңбасын қалдырған. Алтынай марқұм атасы туралы жылы естелігін бөлісті.

«Атам жұрттың бәріне көмектесіп жүретін. Балаға дауыс көтергенін көрген емеспін. Бізге ақылын айтып, көпшіл болуды үйретті. Ол кісінің жақсы жағын айтып тауысу мүмкін емес», – деді Қаршығаевтар әулетінің келіні.

Айтпақшы, тұңғыш бала мен кенже баланың жас айырмашылығы – отыз жас.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: