Бүгін Арал ауданында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні аясында «Кітап шоу – 2026» кітап фестивалі өтті.


Кітаптың құны мен кітапханашының мәртебесін көтерген ауқымды іс-шараға ауданның зиялы өкілдері, ақындар мен жазушылар, кітапхана саласының ардагерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Аталған мереке аясында өткізілген бұл шараның басты мақсаты – оқырман мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және қоғамда кітапхананың рөлін насихаттау.

Фестиваль барысында «Кітап – мәңгілік мұра» кітап көрмелері, «Жасанды интеллект және кітапхана» жаңа кеңістік алаңы ұйымдастырылып, оқырмандар назарына жаңа әдебиеттер мен интеллектуалды ойындар ойнатылды.

Кітап фестивалінің екінші бөлімі «Әлемнің кілті кітапта, ал кілт иесі – Кітапханашы» атты мерекелік кешпен жалғасты.

Фестиваль аясында кітапхана қызметкерлерінің еңбегі де ерекше атап өтіліп, үздік кітапханашылар марапатталды. Бұл – кітапханашылардың қоғамдағы маңызын арттырып, олардың кәсіби еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі.

Ұлттық кітап күні мен кітапханашылар күніне арналған бұл фестиваль – рухани жаңғыруға бағытталған, оқырман мен кітапты тоғыстырған маңызды мәдени шаралардың бірі болды. Кітапсүйер қауым үшін бұл күн ұмытылмас әсерге толы мерекеге айналды.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
