Бейсенбі, 25 сәуiр, 04:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Көк жәшіктің орны бөлек…

23.11.2021

976 0

1998 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 қарашаны Дүниежүзілік телевидение күні ретінде жариялады. Бұл 1996 жылы өткен бірінші Дүниежүзілік телевизиялық форумды есте қалдыру мақсатында жасалды. Қазіргі таңда ақпараттың жалпы қоғам өміріндегі алатын орны ерекше. Соның ішінде, билік пен қоғам арасындағы бірлікті сақтай отырып, ұлттың рухани жаңғыруына үлес қосатын ірі сала телевидениенің ақпарат кеңістігіндегі орны туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова айтып өтті

– Айта кету керек, әлемдік қауым­дастық тарихи форумда теле­видениенің қоғамдық пікір мен саяси процестерге ықпал ету құ­ралы, үгіт-насихат, коммуникация және пікір алмасу, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда шешімдер қабылдау тәсілі ретінде маңыздылығын мойындаған. Деген­мен, телевидениенің ғасырлық та­рихы бар. Электронды сәулелердің көмегімен белгілі қашықтықта бей­нелерді қабылдап, көрсетудің ал­ғашқы эксперименттері 1920 жыл­дар­дың басында АҚШ-та, Жапонияда және КСРО-да басталды. Телевизия саласы – ұжымдық ең­бек. Журналист, режиссер және оператор. Бұл үшеуі – телевизияның үштағаны іспетті, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Елімізде алғашқы отандық те­левизия 1958 жылдың наурызында пайда болса, Сыр өңірінің тұңғыш теледидары 1991 жылдың 30 сәуі­рінде дүниеге келді. Тәуелсіз­дікке қадам басқан ақжолтай кезеңнен бастап қызылордалықтар көгілдір экраннан туған өлке жаңалықтарын көре бас­тады.

Брифингте «Qyzylorda» теле­арна­­сының директоры Жағыппар Қарабала 30 жылдық тарихы бар арнаның бүгіні туралы айтты.

– Алғашқы жылдары эфир тара­ту оңай болған жоқ. Қазір жергі­лікті телеарна 80 қызметкерімен 16 сағат хабар таратып отыр. Бұл жұмысты жүйелі ұйымдастырудың нәтижесінде, жаңартылған техника­лардың арқасында осындай жетіс­тікке жеттік. Әртүрлі жанрдағы 37 тақы­рыптық хабарлар шығары­­ла­ды. Ті­келей эфирлер мен ток шоулардың салмағы басым. Му­зы­калық контентті қалыптас­тыру арқылы жергілікті ха­лықтың шығармашылығын дамытып, жас­тардың мықтылы­ғын дәлел­дегіміз келеді. Бүгінде «Қазақстан» Ұлт­тық Телерадио­корпора­циясына қарасты 14 филиалдың арасынан шығарма­шылық, көркемдік, эконо­микалық өсу, рейтинг жөнінде бірнеше жыл қатарынан 3-ші орында келеміз», – деді ол.

Иә, 30 жыл ішінде аймақ айнасы көзі қарақты көрермен алдындағы адал миссиясынан айныған жоқ. Шы­найы ақпар, жедел хабар тарату қағидасын басты назарда ұстап келеді.

Ал тәуелсіз «Қоғам ТВ» теле­арнасы 1999 жылдың 25 мамырында құры­лып, өз көрермендерінің көз­айымына айналған шоқтығы биік ақпарат көзіне айналды.

Сондай-ақ брифинг барысында «Қызылорда қоғамдық телерадио­компа­ниясы» ЖШС басқарушысы Тұрсынкүл Желдербаева телеарна­ның кешегісі мен бүгінгісіне тоқталды.

– Қызылорда қалалық телеарна­сы алғашқы 4 сағаттық эфирін 1999 жылы көрсетті. Бастапқы уақытта 3 компьютер, 1 монтаж столы ғана болатын. Қазіргі кезде эфир уа­қыты 14 сағатқа жетті. 20-ға жуық авторлық бағдарлама бар. Телеарнаға жұмыс істеуге студенттер, жастар контингенті кө­бірек келеді. Біздің арна тәжірибе жинақтайтын, үлкен мектеп десек те болады. Бүгінде 200-ге жуық қызметкеріміз біздің арнадан түлеп ұшып, жан-жақта жұмыс ат­­қарып жүргенін мақтанышпен айта аламыз», – деді Тұрсынкүл Сардарбекқызы.

Айта кетерлік жаңалық, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап об­лыстық телеарна 100 пайыз цифрлық теле­хабар тарату жүйесіне қосылмақ. Ерекшелігі сол – телеарнаның жаңа­лығын теледидар арқылы ғана емес, кез келген электроника арқылы көруге мүмкіндік туады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: