Бейсенбі, 28 қараша, 20:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Медиа саласындағы өзекті тақырыптар

11.11.2023

683 0

Ақпараттық ағым тоқтаусыз толқып жатқанда дер кезінде жедел әрі шынайы жаңалықты жұртшылыққа жеткізу аса маңызды. Осыған орай, бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Медиа саласындағы өзекті тақырыптар» бойынша арнайы семинар-тренинг өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, қалалық, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшылары және аудан әкімдіктері мен басқарма, аумақтық департамент, инспекциялардың жауапты баспасөз хатшылары қатысты. Жиынға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жанмұрат Сейілов арнайы келіп, қазіргі медиа саласының даму қарқынын тілге тиек етті.

– Қазіргі уақытта заманауи медианың тәсілдері мен құралдары өзгеше өзгерді. Бүгінде интернет ресурстар мен әлеуметтік желілердің даму қарқыны тек дәстүрлі БАҚ-тың ғана емес, кез келген азаматтың мүмкіндігін ашып берді. Осылайша әрбір ақпарат қоғамда көз ілеспес жылдамдықпен таралуда. Бұл ретте ақпарат саласында қызмет ететін әрбір маманның кәсіби біліктілігін арттыру аса маңызды. Әсіресе, мемлекеттік органдардың ақпарат таратуы тиісті деңгейде жүргізілуі керек. Бүгінгі жиында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пайдалы дәріс алады деген сенемдемін, – деді Жанмұрат Сейілов.

Семинар-тренингте PR-коуч/медиа-тренер Ақерке Берлібай қатысушыларға «Коммуникация саласындағы дағдырыс» тақырыбында 2 сағаттық дәріс өткізді. Дәрісте қазіргі медианың өзекті мәселелері талқыланып, өз тәжірбиесімен бөлісті. Одан әрі облыс әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Шаханова, «Qyzylorda» телеарнасының бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева, «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің директоры Гүлнұр Бүркітбаева бекітілген тақырыптар аясында сабақ жүргізді. Семинар-тренинг соңында қатысушылар өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын қойып, аталмыш сала бойынша мәселелерді талқылады.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: