Жексенбі, 24 мамыр, 15:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Цифрлық бақылау құқықбұзушылықтың алдын алады

24.05.2026

97 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев жедел басқару орталықтарының жұмысымен танысты. Қазір өңірде қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқықбұзушылықтың алдын алуда заманауи цифрлық жобалар жүзеге асырылуда. 2006-2016 жылдар аралығында Қызылорда қаласына 272 бейнебақылау камерасы орнатылып, бүгінде олар тұрақты жұмыс істеп тұр.

Цифрлық бақылау құқықбұзушылықтың алдын алады

Аудан орталықтарында да 2024 жылы Жедел басқару орталықтары құрылып, аудандық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріндегі ақпаратты қабылдау, тіркеу жұмысы автоматтандырылды. Жоба аясында 539 бейнебақылау камерасы мен 49 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы іске қосылды.

Цифрлық бақылау құқықбұзушылықтың алдын алады

Өткен жылы аталған жүйе көмегімен 65 қылмыс, 74 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 807 млн теңге көлемінде айыппұл, осы жылдыңалғашқы төрт айында 27 қылмыс, 16 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, 161 млн теңге айыппұл салынды.

Цифрлық бақылау құқықбұзушылықтың алдын алады

Қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуде былтыр Қызылорда қаласына қосымша 1400 бейнебақылау камерасы, 20 мекенжайға зияткерлік қиылыс жүйесі және 58 мекенжайға стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы қойылды. Сонымен қатар жасанды интеллект функциясы бар бейнеаналитикалық жүйе енгізіліп, Жедел басқару орталығы толық жаңғыртудан өтті.
Өткен жылы облыс көлеміндегі бейнебақылау камералары мен жылдамдық өлшегіш құрылғылар арқылы 371 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 4,7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынған.

Цифрлық бақылау құқықбұзушылықтың алдын алады

Биыл қала орталығына 10 «Sunqar» кешені орнатылды.Жаңа кешендер қауіпсіздік белдігін тақпау, жылдамдықты асыру, көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу және жаяу жүргіншілерге жол бермеу секілді құқықбұзушылықтарды автоматты түрде анықтайды.

Осы құрылғылар арқылы өткен төрт айда 26 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды.
Өңірде 23 «Ekin Patrol G2» мобильді жылдамдық өлшегіш құрылғысы бар. Олардың көмегімен өткен жылы 43 мыңнан астам құқықбұзушылық белгілі болған.Полиция департаменті 12 дрон құрылғысын пайдалануда. Биылғы төрт ай ішінде дрондар көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардың қауіпті учаскелерінде 48 құқықбұзушылық тіркелген.

Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» АҚ жүзеге асырып жатқан «Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы» жобасы аясында 6 ұшқышсыз ұшу аппараты пилоттық режимде іске қосылған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы цифрлық жобалар кезең-кезеңімен жалғаса береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: