Жексенбі, 24 мамыр, 20:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған resort-кешен салынып жатыр

24.05.2026

121 0

Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында ТЖМ қызметкерлеріне арналған Қазақстандағы алғашқы «112 Resort Aktau» resort-кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

Жоба Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов бастамасымен және қазақстандық құтқарушылардың жеке қорының қолдауымен іске асырылып отыр. Құрылысқа арналған жер телімі жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілді.

— Бірінші кезеңде әкімшілік блоктың, капсулалық үйлердің, бассейндердің, спорт алаңдарының және серуендеу аймақтарының құрылысы қарастырылған. Алдағы уақытта кешен аумағында қонақ үй, SPA-орталық, теннис корты, пирс, воркаут-алаңы, дәмхана және отбасылық демалыс аймақтары салынады, — делінген хабарламада.

Жоба құтқарушылар қызметінің ерекшеліктері мен жұмысынан кейін толыққанды қалпына келу қажеттілігін ескере отырып әзірленген.

База аумағында ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінен құралған әмбебап құтқару бөлімшесін орналастыру да жоспарлануда. Бұл тұрақты жедел әрекет ету дайындығын қамтамасыз етіп, жеке құрамның даярлығы мен қалпына келуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша қызметкерлерге арналған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту ведомствоның басым бағыттарының бірі болып қала береді. 

— Біз өз қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары үшін лайықты жағдай жасауымыз керек. Құтқарушылар тәулік бойы қызмет атқарып, күрделі жағдайда жұмыс істейді. Олардың толыққанды қалпына келіп, жақындарымен уақыт өткізуіне мүмкіндік болуы тиіс, — деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Құрылыс аяқталғаннан кейін кешен ТЖМ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне қолжетімді болады. Қазақстанның құтқарушылары үшін мұндай демалыс және қалпына келу форматы алғаш рет енгізіліп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: