Жексенбі, 24 мамыр, 20:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Жобалар бағыты – қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту

24.05.2026

143 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қаланы көгалдандыру, жол құрылысы және су шаруашылығы нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.

Жобалар бағыты - қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту


«Қызылорда қаласының аумағын көгалдандыру және абаттандыру» жобасы жасыл желекті көбейтуге және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.

Жобалар бағыты - қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту

Өткен жылы 46 100 түп ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен қатар, «KazStroyCapital» ЖШС «Қорқыт ата әуежайы» аумағына, орталық көшелер мен саябақтарға 779 мың біржылдық және 33,8 мың көпжылдық гүл көшетін егіп, 73,5 мың шаршы метр көгал төседі.
«Hunter» технологиясына негізделген автоматты суару жүйесі, 45 шақырымнан астам құбыр тартылды. Ал биылға 51 900 көшет отырғызу және суару жүйесін кеңейту жоспарланған. Қазір қаладағы 27 субұрқақ іске қосылды.

Жобалар бағыты - қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалар туралы айтсақ, қазіргі таңда Н.Назарбаев даңғылы, А. Иманов, Бозғұл-1, Наурыз және Ш. Есенов көшелерінде жұмыс қарқынды. Жоба аясында 5,5 шақырым жол қайта жаңғыртылып, жаяу жүргіншілер жолы, лотоктар мен жарықшамдар орнатылады.

Жобалар бағыты - қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту

Сонымен қатар, Торайғыров көшесінен «Қызылорда – Құмкөл» автожолына дейін қайта жаңғыртылуда, 2,1 шақырымнан асатын көше бойында жаяу жүргінші жолы мен жарықтандыру жүйелері қарастырылған.

Жобалар бағыты - қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту

Облыс әкімі «Қызылжарма» каналын науамен жабдықтаудың, «Бәйтерек» шағын ауданындағы Оңтүстік магистралды каналы арқылы өтетін көпір құрылысын көрді. Мұнда да инфрақұрылымды жаңғырту, жаяу жүргіншілер көпірлерін салу және жарықтандыру жүйелерін орнату жұмысы жүріп жатыр.

Жобалар бағыты - қаланы көгалдандыру және инфрақұрылымды жақсарту

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: