Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайту жолындағы еңбектері үшін аппарат қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.

Мереке аясында бірқатар қызметкерлерге құттықтау мен Алғыс хаттары табысталды.
Іс-шара соңында мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов әріптестерінің ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен сәттілік тіледі.
Мемлекеттік қызмет – халық сеніміне негізделген абыройлы міндет. Осы орайда, ел мүддесіне адал қызмет етіп жүрген барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!


Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
