Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен «Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия» отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібінде Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылу жай-күйіне облыстық инспекциялық топпен жүргізілген тексеру қорытындысы, бірқатар аудандардағы Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталу барысы қаралды.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған облыстық инспекциялық топ 2026 жылғы 7-30 сәуір аралығында аймақтағы 104 мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Комиссия қорытындысымен облыстық басқарма басшыларына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне, сондай-ақ, аумақтық департамент, инспекция басшыларына Мемлекеттік рәміздердің бекітілген Ұлттық стандарттарға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес пайдаланылуын, қолданылуы мен орналастырылуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.
Сонымен қатар, «4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнін» атап өту аясында ақпараттық-имидждік жұмыстардағы бірегейлікті сақтау үшін тиісті тапсырмалар жүктелді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
