Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Сенат отырысының алдында мобильді аударымдарды тексеру жұмыстары қай сатыға жеткенін айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM
— Жұмыс жүріп жатыр. Бүкіл санаттар бойынша хабарлама жіберіп жатырмыз. Ол жерде 30 күн мерзім бар. Салық төлеушілердің реакциясын сол 30 күннен кейін көреміз. Хабарламада көрсетілген ескертпелерді орындауға 30 күн уақыт береміз. Сол 30 күннің ішінде не декларация тапсырады, не жазбаша түсіндірме береді. Айыппұл немесе банк шоттарын жабу сияқты шаралар қабылдағалы отырған жоқпыз, — деді Ержан Біржанов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
