Сейсенбі, 21 сәуiр, 11:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту: цифрлық қызмет енгізіледі

21.04.2026

43 0

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Әлеуметтік қорғау саласы жетілдіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру шараларын талқылау кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

-Министрлік бірінші жартыжылдық біткенге дейін квоталарды орындау үшін ұйымдар тізбесін цифрлық есепке алу тәсілін әзірлейтін болады. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі енгізіледі. Бұл қызмет азаматтарды жұмыспен қамтығанға дейін проактивті сүйемелдейді. Биылдан бастап 17 мыңға жуық мүгедектігі бар адамды квотамен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 2 есе көп, – деді А.Ертаев.

Оның айтуынша, әлеуметтік қорғау саласын трансформациялаудың кешенді жұмысы жалғасып жатыр. Негізгі міндеті – фрагментті қызмет көрсетуден біртұтас модельге көшу. Көмек әр адамға жеке көрсетіліп, нақты қажеттілікке сай болады.

-Бірінші бағыт – оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету механизмін жетілдіру. Қазіргі жүйе қайтарымсыз негізде құрылған. Құралдың нақты жай-күйін, оның тозуын және жөндеу мүмкіндігін толық ескермейді. Осыған байланысты жаңа механизм енгізіледі. Құралдарды жалға алу және қайтару шартымен қамтамасыз ету көзделген. Биыл маусымнан бастап Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында апробация басталады. Қайтарылған техникалық құралдар сараптамалық бағалаудан өтеді. Содан кейін, жөндеу, ауыстыру, қайта пайдалану, жалға беру немесе жою туралы шешім қабылданады. Мысалы, мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралын ауыстыру мерзімі өткенде жүгінеді. Құрал пайдалануға жарамды деп танылған жағдайда, құрылғы техникалық қызмет көрсетуден өтеді. Сосын қолдануға қайта беріледі. Ақаулар анықталған кезде, құрал қайта пайдалану үшін жөндеуге жіберіледі. Техникалық оңалту құралы жарамсыз деп танылғанда, жойылуға жатады, ал өтініш берушіге жаңа құрал беріледі, – деді министр.

Осы жоба екінші жартыжылдықтан бастап іске қосылмақ.

-Трансформацияның маңызды элементтерінің бірі – мүгедектікті сырттай проактивті форматта белгілеуді дамыту. Бұл бағыт бойынша оң динамика байқалды: егер 2022 жылы сырттай проактивті түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 22% болса, 2026 жылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 46 пайызға жетті, – деді ведомство басшысы.

Келесі бағыт – мүгедектігі бар балаларды оңалтуды дамыту. «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, 4 аймақта (Абай, Павлодар, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы) мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр.

Бар нәтижелерді ескере отырып, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бұл жоба еліміздің тағы 4 аймағында кеңейтілетін болады (Алматы қаласында, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: