Дүйсенбі, 13 қаңтар, 21:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шағын үйлер қандай көмек көрсетеді

13.01.2025

70 0

фото: BAQ. KZ архив

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Сырым Нәси мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай қолдау көрсетілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы өңірлерде мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін шағын үйлер құру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Қазақстанның бірқатар өңірінде сыйымдылығы шағын үйлер бар. Бұл мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шағын түрде жинақталған орталықтар. Қазіргі уақытта сыйымдылығы шағын үйлер Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында жұмыс істейді, – деді департамент басшысы.

Оның сөзінше, орталықтар 130 орынға есептелген. Онда көрсетілетін қызмет азаматтардың тұратын жерлеріне жақын орналасқан. Сыйымдылығы шағын үйлер мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі ұсынады.

Олар:

– әлеуметтік,

– тұрмыстық;

– медициналық;

– психологиялық;

– педагогикалық;

– мәдени;

– экономикалық

– құқықтық.

Алдағы уақытта сыйымдылығы шағын үйлерді республиканың барлық өңірінде ашып, шалғай аудандардағы әрбір мұқтаж адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жеке бизнестің инвестицияларын тарту мен шағын қызмет көрсету үйлерін салу арқылы бюджет есебінен үлкен орталықтар салуға қаражат үнемделеді. Сол себепті оны әлеуметтік қолдаудың басқа да шараларын көрсетуге қайта бағыттауға мүмкіндік туындайды, – деп түсіндірді Сырым Нәси.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: