Бейсенбі, 30 мамыр, 23:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

«Несиеге де болады»: Қазір адам жерлеу қанша тұрады?

23.02.2023

794 0

Сурет: Экспресс К

Адам өмірден өткеннен кейін салтына сәйкес жерленеді. Бірақ бұл бұрынғыдай оңай шаруа емес. Қалалық жерлерде орын табу – бір мәселе. Одан бөлек, жерлеу рәсімі де айтарлықтай қаржыны талап етеді. Тілшіміз осы қызмет түрін ұсынатын компаниялардың ресми сайттарындағы деректерге салыстырмалы шолу жасап, қайтыс болған адамды жерлеуге қанша ақша кететінін анықтап көрді, деп жазады Massaget.kz.

Кремациялау қанша тұрады?

Жерлеу рәсімінің бір бөлігі – кремациялау (денені өртеу – еск.). Ақтық сапарға шығарып салу қызметін ұсынатын компаниялардың бірінде дене бір жарым-екі сағат ішінде күлге айналатыны айтылады.

Бұл қызмет құны 150 мың теңгеден басталады екен.

Денені бальзамдау қанша?

Денені бальзамдау адам қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта жасалуы қажет екен. Ал бұл қызметтің бағасы 30 мың теңгеден басталады. Осындай қызмет түрін ұсынған тағы бір компанияда баға 20 мың теңге мөлшерінде екен.

Жерлеу рәсімін ұйымдастыру қанша?

Әдетте жерлеу рәсімін ұйымдастыруға ғұрыптық атрибуттар, жерлеуге байланысты тауарларды сатып алу, қайтыс болған адамды тасымалдау, қабір қазу, оркестрдің сүйемелдеуі жатады.

Осы қызметтің жалпы құны 90 мың теңгеден басталады. Сондай-ақ, әдетте компаниялар православие, мұсылман, корей және әскери жерлеу рәсімдерін ұйымдастырады.

Енді әр қызмет құнының жеке-жеке бағасына шолу жасап көрсек:

Құжаттарды рәсімдеу қанша тұрады?

Осы саладағы компаниялар қайтыс болған адамның құжаттарын рәсімдеу жұмыстарымен де айналысады екен. Бұл қызмет құны 10 мың теңгеден басталады.

Мұсылманша жерлеу қанша тұрады?

Нарықта жерлеу рәсімі қызметін ұсынатын компаниялар тұтынушылардың талабына сай бейімделетінін байқауға болады. Мәселен, мұсылманша жерлеу рәсімінің құны 45 мың теңгеден басталады екен. Ал корей халқының жерлеу рәсімі 120 мың теңгеден басталады.

Тасымалдау құны қанша?

Денені мәйітханаға, үйге және қоштасу рәсіміне тасымалдау құны 20 мың теңгеден басталады екен. Енді бір компанияда 15 мың теңге көлемінде белгіленген. Бұл орайда компаниялар білікті мамандар мен арнайы көліктер пайдаланылатынын алға тартады. Енді бір компанияда баға 45 мың теңгеден басталады. 

Сондай-ақ, адам туған жерінен шалғайда қайтыс болса, компаниялар тасымалдауды өз мойнына ала алады. Бұл қызмет құны 150 мың теңгеден басталады.

Жерлеудің қандай түрлері бар?

Қазір қайтыс болған адамды жерлеу қызметіне де несие қосылыпты. Яғни қайтыс болған адамның жақындарында  қандай да бір қаржылық мәселе туындаса, «банк арқылы несиеге жерлеу» ұсынылады екен.

Одан бөлек, ыңғайлы жерлеу рәсімі және элиталы жерлеу рәсімі де бар екен. Алғашқысы 90 мың теңгеден басталса, элиталы жерлеу рәсімі 500 мың теңгеден басталады.

Қабір қазу қанша тұрады?

Компанияларда қабір қазу қызметінің құны шамалас екенін, яғни 20-30 мың теңге аралығында тұратыны байқалды. 

Денені жуындыру қанша тұрады?

Әдетте бұл қызмет бағасы 10 мың теңгеден басталатыны байқалды. Ал компаниялардың бірінде мұсылманша ақтық сапардағы дәрет ерлер үшін 35 мың теңге, ал әйелдер үшін 50 мың теңге көлемінде екен.

Ескерткіш орнату қанша тұрады?

Ал бейітке ескерткіш орнатудың жалпы жиынтық құны 295 мыңнан басталады екен. Кейін арнайы қызметкерлер абаттандыру, тазалау, реконструкция қызметтерін де ұсынады. Мұның бәрі бөлек қаржыны талап етеді.

Көңіл айтып келгендерге арналған мәзір де бар

Тіпті жерлеу рәсімін ұйымдастыратындар көңіл айтып келгендерге арналған дастарханды да мойындарына алады екен. Бұл қызметті ұсынған компаниялардың бірінде арнайы мәзір жасалғанын байқадық. Православ мәзіріне құймақ, кутья, кисель, қалауына қарай борщ, сорпа, голубцы, шай немесе компот, жемістер мен тәттілер кіреді. Ал мұсылман мәзірінің құрамына сорпа, бешбармақ, қазы, шелпек, бауырсақ, шай, су, жаңғақ, кептірілген жемістер, жемістер, тәттілер жатады.

Еске салайық, бұған дейін бейіт салу бизнесімен айналысатын кәсіпкер 200-300 мың теңгелік құлпытастарға сұраныс көп екенін айтқан еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: