Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады

18.07.2023

1220 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, оларды толғандырған мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі жеке қабылдауға 12 адам келді.

Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй алу, тұрғын үйін заңдастыру, денсаулық сақтау саласы бойынша мәселелерін көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың мәселелері жіті зерттелетінін, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын жеткізді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

Қала тұрғыны «Шұғыла» шағын ауданы №40 үйдің шатыры апатты жағдайда екенін айтты. Аймақ басшысы қала әкіміне жағдаймен танысып, тұрғындармен кездесіп, шұғыл шара қабылдауды тапсырды.

Қабылдауға келген тағы бір тұрғын қаладағы Теректі көшесі сапасыз асфальтталғанын айтты. Облыс әкімі жауапты басшыларға 10 күн ішінде көшедегі жөндеу жұмыстарын талапқа сай етуді жүктеді.

Сол жағалаудағы №38 үйдің сапасыз салынғанына шағым айтқан қала тұрғынының да мәселесі де жерде қалмайды. Қыркүйектің 1-іне дейін құрылыстағы кемшіліктер дұрысталуы керек.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес аталған нысандарға түсірілім тобы барып, қазіргі жағдайы туралы мәліметтер жинақтайды. Облыс әкімі тапсырған мерзімде жұмыс нәтижесі туралы қосымша ақпараттандырылатын болады.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: