Бейсенбі, 21 мамыр, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдады

21.05.2026

36 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет «AMANAT» партиясы алаңында кестеге сәйкес жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.

Қабылдауға келген азаматтар негізінен жұмысқа орналасу, білім беру саласында еңбек ету мүмкіндіктері, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолдау көрсету мәселелерін көтерді.

Атап айтқанда, өтініштерді қарау барысында бірқатар азаматтардың педагог, психолог және өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мәселелері назарға алынды. Сонымен қатар, оқу үйірмелерін ашу және әлеуметтік жобаларды дамытуға қатысты ұсыныстар да айтылды.

Әрбір мәселе қолданыстағы заңнамаға сәйкес жан-жақты зерделеніп, шешу жолдары қарастырылатындықтан облыс әкімінің орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Яғни, барлық мәселе өзінің тікелей бақылауында болатындығын атап өтіп, нәтижесін белгіленген мерзімде баяндау және азаматтарға жазбаша түрде жауап беруді тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: