Құрылтай

Бейсенбі, 09 шiлде, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Облыстық мәслихат депутаттары жария тыңдауға қатысты

09.07.2026

43 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, депутаттар Ж.Нұрымбетов, Б.Махашов, Қ.Сақтағановтың қатысуымен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр энергиясының шекті бағасын өзгерту мәселесі бойынша жария тыңдау өтті.


Жария тыңдау барысында «ҚЭТТК» АҚ тарапынан ұсынылған электр энергиясының шекті бағасын өзгертуге қатысты өтінімнің негіздемелері қаралды.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттарға жан-жақты талдау жүргізілуде. Атап айтқанда, жалақы қоры, әлеуметтік аударымдар және өзге де баптар бойынша түзетпелер қарастырылуда.
Мәслихат депутаттары өз кезегінде тарифтің негізділігіне, оның тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне ықпалына қатысты өз пікірлерін білдірді.
Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысы бойынша айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, тиісті шешім қабылданатын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: