Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов пен Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, депутат Бауыржан Сандыбаев тиісті сала мамандарымен бірге қала аумағындағы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектептердің жай-күйімен танысты.
Аралау барысында мәслихат төрағасы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, оқу кабинеттерінің заманауи жабдықталуын, инфрақұрылымдық жағдайын, сондай-ақ, оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жасалған мүмкіндіктерді көрді.
Сонымен қатар, мектеп директорларымен жүздесіп, мектептердің бүгінгі ахуалы, өзекті мәселелері мен алдағы міндеттері жөнінде пікір алмасты. Білім сапасын арттыруға және білім беру үдерісін жетілдіруге қатысты ұсыныстар талқыланды.
Бәсекеге қабілетті, білімді әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу – ел дамуының басты кепілі. Осы орайда, жас ұрпақтың сапалы білім алып, заманауи талаптарға сай қалыптасуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да облыстық мәслихаттың тұрақты назарында болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
