Сенбі, 16 мамыр, 16:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 (2248)
16.05.2026
PDF мұрағаты

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы өтті

16.05.2026

44 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс 33 сессиясы өтті.


Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының басшысы, облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан болған бірқатар ұсыныстар қолдау тапқан болатын.
Соған сәйкес, сессия отырысында депутаттардың кейбір сұрақтарына облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек тарапынан қосымша жауаптар берілді.
Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов барлық басқарма басшыларына алдағы уақытта депутаттардың ұсыныстарына, олардың көтерген сұрақтарына толық, дәлелді әрі нақты жауаптар берілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қажеттігін айтып, мәслихат депутаттарымен бірге барлық бастамалар мен жобаларды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе іске асырудың маңыздылығына тоқталды.
Сессия соңында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: