Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат депутаттары, тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты.
Күн тәртібінде «2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды.
Депутаттардың көтерген сұрақтарына басқарма басшысы мен тиісті сала мамандары тарапынан жауаптар беріліп, нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
