Сәрсенбі, 16 қазан, 07:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

«Өлекселер бар суды ішуге мәжбүрміз»: тұрғындар Өзбекстаннан ағатын арна суының ластығына шағымданды

08.08.2023

520 0

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында жеті ауылдың тұрғындары ауыз суының ластығын айтып шағымдануда. Олардың сөзінше мұндағы арналарда мал өлексесі қалқып жүреді. Ал халық сол суды ішіп, тамақ пісіру үшін пайдалануға мәжбүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бір аптадан бері көрші Өзбекстаннан ағып жатқан Р-1 каналынан тауықтың өлекселері табылып жатыр. Түркістандықтар тұтынған су ауру тудыруы мүмкін деп қауіптенеді. 50 мыңға жуық халық бар ауыл тұрғындары мәселенің мемлекетаралық деңгейде тез арада шешілуін талап етуде.

Жібек жолы ауылының тұрғындары таң атқаннан бастап каналды күзетуге кірісуде. Олар күнделікті тауық етінен ауыз суды тазартудан шаршаған.

«Бұл суды ішу мүмкін емес. Өлген иттер мен тауықтарды өздерің көріп тұрсыңдар. Бір аптадан бері өлекселер шығарып жатырмыз. Сасық иісін тіптен түсіндіре алмаймын. Соған қарамастан, біз мұны ішуге мәжбүрміз. Бізде басқа су жоқ», – дейді Жібек жолы ауылының тұрғыны Сәкен Шонбаев.

Бір жыл бұрын Өзбекстаннан канал бойымен ірі қара мал мен ит өлекселері жүзіп келсе, қазір өлген құстар пайда болған.

«Осы жерден 40-50 мың адам ауыз суды тұтынады. Ертең ауру тараса, бала-шағамыз бар. Қазірден бастап аурудың алдын алу керек. Үкімет бізді қорғауы керек», – деп қосты ауыл тұрғыны Нұрсұлтан Қуанышбаев. 

Халықтың көпшілігі жаппай улану қаупі төніп тұрғанына сенімді.

«Біреу уланып қалса, оған кім жауап береді. Өзбекстаннан сұрай ма, әлде бәрі өлгеннен кейін әрекет ете ме?», – деді тұрғын Махамбет Мелдебеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: