Жұма, 22 мамыр, 17:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37 (2249)
19.05.2026
PDF мұрағаты

Өңірлердің мәслихат төрағалары мен депутаттары Түркістандағы әлеуметтік, туристік және өндірістік нысандармен танысты

22.05.2026

43 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

«TURKISTAN – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» конференциясы аясында Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Тлеумбетов барлық өңірлерден келген мәслихат төрағалары және депутаттармен бірге Түркістан қаласындағы әлеуметтік, туристік және өндірістік нысандарды аралады.


Делегация алдымен Ескек есу каналы және Мұз сарайы нысандарында болып, олардың қаладағы бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың белсенді демалысын ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысты.
Қатысушылар аталған нысандардың жастар мен тұрғындар үшін қолжетімді әрі заманауи спорттық орта қалыптастыруға зор ықпал ететінін атап өтті.
Одан кейін делегация «Turan» арнайы экономикалық аймағына барып, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Мұнда «KAZAKHSTAN LIHUA» компаниясының өндірістік қызметі көрсетіліп, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.
Танымдық бағдарлама рухани-мәдени мазмұндағы нысандарды аралаумен жалғасты. Делегация Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени кешені аумағына барып, қатысушылардың атынан құрбандық шалынып, Құран бағышталды. Депутаттар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, зиярат етті.
Одан бөлек, қонақтар қолөнершілер қалашығын аралап, жергілікті шеберлердің дәстүрлі өнер туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, «Алтын Самұрық» ұшатын театр кешенінің қызметімен танысып, туристерге ұсынылатын заманауи мәдени жобалардың ерекшеліктеріне назар аударды.
Сапар аясында делегация жаңадан бой көтерген мешітке де барды. Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті барысында бұл нысанды қазақ-өзбек халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықтың символы ретінде атап өтіп, оған «Миромон ата мешіті» атауын беру жөнінде ұсыныс білдірген болатын.
Жалпы, танымдық бағдарлама барысында өңірлік мәслихат төрағалары мен депутаттары Түркістан қаласының әлеуметтік, туристік және өндірістік әлеуетімен жан-жақты танысып, шаһардың қарқынды дамуы мен рухани-мәдени келбетінің жаңаша серпін алғанын ерекше атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: