Бейсенбі, 25 сәуiр, 15:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Отбасы бақыт мекені

15.05.2023

687 0

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөздің астында үлкен мән- мағына жатыр. Яғни, өмірде қандай адам болып қалыптасуың отбасында алған тәрбиеңе байланысты. ҚАЖ саласында үлгілі, өнерлі, өнегелі, көпбалалы отбасылар көп. Осындай отбасылардың бірі Көшекбаевтар отбасы.

Қызметіне адал, адамгершілігі мол, жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, әділет капитаны Нұржан Көшекбаев Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесінде кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі қызметінде. Отбасын – бақытым деп бағалайтын азаматтың бірі. Нұржан екі қыз, бір ұлдың әкесі. Бала тәрбиесіне де көп көңіл бөлетін Нұржан жан-жарымен бірге баларына өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қарым –қатынасты үнемі айтып отырады.
Отбасы — әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді.

Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Сондықтан баланы жақсылыққа баулып, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкен өмірге қадам басуына бағыт-бағдар беріп отыруымыз қажет. Мұхтар Әуезов: «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады» деген екен. Қызметтен тыс уақытымды отбасыма арнаймын. Қыздарым спортпен айналысады, би үйірмесіне барады. Балаларымды саналы, білімді етіп тәрбиелеуге бар күшімді салып, ақыл-кеңесімді айтудан еш жалықпаймын.

Өзімде отбасымда ата -анамның тәрбиесіне қарап бой түзедім.Әкем- ауған соғысының ардагері.Анам- екінші топ мүгедегі. Жанұямдағы жұмағым анам мен әкемді қарап,аялап мейірімділік танытып келемін.Оларға деген кішіпейілділім мен ізеттілігімді,құрметтеуімді көріп өскен балаларым да ,өзімдей болады деп ойлаймын. Сондықтан әр отбасында мейірім,қамқорлық,сыйластық болса,ол отбасының іргесі берік болары анық -дейді әділет капитан Нұржан Көшекбаев.

Қызметіне адал, кішіпейіл, адамгершілігі мол Нұржан отбасында мейірімді, қамқор, «Әке балаға сыншы» деген қағиданы ұстанып, ұл-қызын тәрбиелеп отырған әке.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: