Бейсенбі, 02 мамыр, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі тұрғындарды құттықтады

31.12.2022

721 0

Құрметті жерлестер!

​Баршаңызды әлем халықтарына ортақ – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!​Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар. 2022 жыл біздің еліміз үшін тарихи және саяси оқиғаларға толы, табысты жыл ретінде есте қалмақ.​Ел дамуының тарихи кезеңі басталған жалпыұлттық референдумда қызылордалықтар саяси белсенділігі мен бірлігін көрсетіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата заңымызға өзгерістер енгізу жөніндегі бастамасын қолдады.​Сондай-ақ, кезектен тыс Президент сайлауында да тұтас Сыр өңірі, соның ішінде қызылордалықтар жұдырықтай жұмылып, ел болашағын дауыс берді.​Өздеріңізге белгілі, Ұлытау төрінде өткен ұлттық құрылтай отырысында Ел Президентінің ұсынысымен Егемендік декларациясы қабылданған 25 қазан – Республика күні мерекесі қайта оралып, ұлттық сипат алды. Айтулы мерекені халық болып жоғары деңгейде атап өтіп, бастапқы мәні сақталған 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінде ел азаттығы үшін жанын қиған боздақтар рухына тағзым еттік.​Қыдыр дарып, құт қонған бірліктің түп қазығы Қызылорда қаласы үшін жылыстап бара жатқан жыл нәтижелі болды. Шаһар экономикасы өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артты. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда белсенді жұмыстар атқарылды.​Шаһардың инженерлік-инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар жасалды. Жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, қаламыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар, денсаулық сақтау, спорт нысандары салынып, халық игілігіне берілді.​Төрімізге енген 2023 жылы да ел болып еңсерер, жұрт болып жұмылып атқарар істеріміз ауқымды.Қадірменді ағайын!​Жаңа жыл – әр адамның арман-тілектерін, сенімін еселеп, болашағына үлкен үміт артатын шақ. Барша халық асыға күтетін осы мерекеде әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ ұялап, бақ-береке дарысын деп тілеймін. Айдан аман, жылдан есен болып, еліміздің өрісі кеңейіп, табысы таси берсін!Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен, Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: