Қан доноры – адам өмірін сақтап қалатын қайырымды жанның қатарында. Сондықтан олар қайырымды іс жасауға ниетті. Қазір өмірде кездесетін түрлі ауыр жағдайларда қан донорларының демеуі мен қол ұшын созуы өте өзекті. Осыны назарға алған Қызылорда қаласы әкімдігінің қызметкерлері «Ана мен балаға өмір сыйлайық!» атты қан донорлық науқанына белсене қатысты.
Қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округі әкімі аппараттарының қызметкерлері ерікті түрде қан тапсырып, шараға үлестерін қосты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
