Сенбі, 22 маусым, 05:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Қара бетперде таққан жігіт 11 жастағы бала мен оның отбасын қуантты

16.12.2023

1124 0

Сурет: massaget.

Қара бетперде таққан жігіт екі баласы бар, жалғызбасты әйелге үйдің кілтін тарту етті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қара бетперде таққан жігіт екі балдақпен және екі баласымен бірге келе жатқан әйелді жолықтырып, «Біз сізге келіп тұр едік» дейді.

Әрі қарай оның үлкен баласы отбасының қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын баяндап береді.

«Менің атым Азамат, мен 11 жастамын. Анам екі балдақпен жүреді, ал бауырым болса, сөйлей алмайды. Біз анамыз үшеуіміз осы үйді жалға алып тұрып жатырмыз. Анам тамақты шкафқа тіреліп пісіреді. Бұл анам үшін өте қиын. Көмір, отын, су бәрін алып келемін үйге. Анам аяғынан тұрып кетсе екен. Басқа ештеңе керек емес. Қанша жыласа, мен бірге жылаймын. Уәде беремін, бірге боламын», – дейді бала.

Осы кезде қара бетперде таққан жігіт бұл отбасыға үйдің кілтін тарту етеді.

Анасы мен баласы қосылып жылады. Бұл қуаныштың көз жасы еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: