Жексенбі, 21 маусым, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46 (2258)
20.06.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан Ауғанстанға 319 тонна гуманитарлық көмек жіберді

21.06.2026

41 0

Фото: ҚР Экономика министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация гуманитарлық және іскерлік миссиямен Ауғанстанға барды. Елге жалпы салмағы 318,8 тонна болатын гуманитарлық жүк жеткізілген, – деп хабарлайды  kursiv.media

Көмек құрамында қант, дәрі-дәрмектер, шатырлар және басқа да ең қажетті заттар бар.

Делегациямен бірге Кабул қаласына тоғыз қазақстандық дәрігер ұшып барған. Олар бір апта бойы пациенттерге кеңес беріп, практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ ауғандық медиктер үшін мастер-кластар өткізеді.

Үкіметтің мәліметінше, Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізетін ең ірі мемлекет болып қала береді.

Оған дейін Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберген. Иранға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген 30 теміржол вагоны жіберілді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: