2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 12 297 100 адам – қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581 900 адам – ауылда тұрады.
2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!