Жұма, 15 мамыр, 12:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан Халық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жыл болады

15.05.2026

102 0

Коллаж: Kazinform, Chatgpt, freepik

Халық кеңесі ұсынымдарды әзірлеуге арналған пікір алмасу алаңы болады. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Халық кеңесі туралы» заң жобасын талқылау кезінде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Конституциялық заң жобасында Қазақстан Халық Кеңесінің нақты ұйымдастырушылық моделі қалыптастырылған. Негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдайтын жоғары басшылық орган – Сессия. Оның құзыретіне заң жобаларын енгізу және референдум өткізу туралы бастамалар да кіреді. Сессиялар аралығында ағымдағы қызметті жүзеге асырып, шешімдерді дайындауды қамтамасыз ететін алқалы орган – Төралқа жұмыс істейді. Жекелеген нақты бағыттарды пысықтау үшін тұрақты және уақытша комитеттер, салалық комиссиялар мен жұмыс топтарын құру көзделеді. Кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және талдамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді Хатшылық жүзеге асырады. Ол мемлекеттік орган ретінде құрылатын болады, – Ерлан Сәрсембаев.

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Заң жобасында қоғамның негізгі топтары – этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің тең дәрежедегі өкілдігі көзделеді.

– Бұл ретте Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы аталған топтардың ұсынымдарын ескере отырып, 42 мүшеден тең дәрежеде қалыптастырылатын болады. Мұндай тәсіл әртүрлі қоғамдық мүдделерді ескеруге және ортақ келісілген ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құрам мүшелеріне қойылатын талаптар да белгіленеді. Оның ішінде қоғамдық қызметтегі тәжірибенің болуы, сондай-ақ адалдықты қамтамасыз етуге және мүдделер қақтығысының алдын алуға бағытталған шектеулер көзделеді. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімін төрт жыл деп белгілеу ұсынылады. Ал Кеңестің Төрағасын Сессияда төрт жылдық мерзімге, Президенттің ұсынысы бойынша және Кеңестің жалпы мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасымен сайлау ұсынылады. Өз кезегінде, институттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бір тұлғаның Кеңестің Төрағасы болып екі реттен артық сайлануына жол берілмейтіні туралы норма көзделген, – деді министр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: