Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 15:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілетті 35 елдің қатарында

09.06.2022

1041 0

Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев Корольдік индустриялық клуб мүшелерін инвестициялау үшін қызықты секторлармен, сондай-ақ мемлекеттің одан арғы даму бағыты жөніндегі жоспарларымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дипломат Қазақстан бизнес үшін күшті және бәсекеге қабілетті орта құруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Өз сөзін растау ретінде ол жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісін мысалға келтірді, онда Қазақстан 35 орынға ие болды.

«Дүниежүзілік банктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан бизнес жүргізу бойынша 190 елдің ішінде 25-ші орында», – деді А.Жұмағалиев.

Елші салық жеңілдіктері туралы хабарлап, әлеуетті инвесторлардың назарын аударды.

«Мен бұрын айтып өткен қаржылық және экономикалық тұрақтылықтан басқа, ел түрлі салаларда жан-жақты мемлекеттік қолдау ұсынады. Біз корпоративті табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан босату және фискалдық емес ынталандыру: жер учаскесі мен инфрақұрылым сияқты салықтық жеңілдіктерді қамтитын инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеміз», – деді ол.

Дипломат сондай-ақ инфрақұрылым мен инвестициялық преференциялардың кең спектрін ұсынатын бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан 13 арнайы экономикалық аймақ, 36 өнеркәсіптік аймақ туралы айтып өтті.

А.Жұмағалиев атап өткендей, Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерін, Қытай мен Каспий бассейнін қоса алғанда, миллиардтан астам тұтынушылардың нарыққа тікелей қолжетімділігі бар. Сонымен қатар, елде көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған.

«Менің ойымша, бұл себептер Қазақстанның инвесторлар үшін неліктен тартымды екеніне жауап бола алады. Сондықтан Нидерланд Қазақстандағы бірінші нөмірлі шетелдік инвестор деп ойлаймын. Патшалық біздің елге 105 миллиард доллардан астам инвестиция салды», – деп түйіндеді ол.

Корольдік клуб мүшелері преференциялардан басқа, кадр мәселелері, ағылшын тілін меңгеру деңгейі, Қазақстанның климаттық ерекшеліктері және елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы алаңдады. Асқар Жұмағалиев референдум, оны өткізу нәтижелері және Конституцияға енгізілетін түзетулерге әкеп соқтыратын өзгерістер туралы да хабардар етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: