Сейсенбі, 23 сәуiр, 22:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда пәтер жалдау ақысы он жылда қалай өзгерді?

20.12.2021

1049 0

Қазақстанда пәтер жалдау ақысы соңғы 10 жылда екі есе қымбаттаған, деп хабарлады LS сайтына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылғы 1 қарашада ел бойынша 1 шаршы метрдің орташа құны 1,9 мың теңге болған. Бұл былтырғы кезеңнің осы уақытымен салыстырғанда 16,9 пайызға жоғары.

2012 жылмен салыстырғанда пәтерақы құны 1,9 есеге өскен.

Биыл пәтерақы бағасы бәрінен де Оралда қатты қымбаттаған. Өсім – 36,1 пайыз. Алматыда 35%, Шымкентте – 33,7%-ға өскен.

Пәтерді жалға алу бағасы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында ең қымбат деп көрсетілген. Ол жақта шаршы метр 3 мың теңгеден асып кеткен. Бұл есепке сәйкес, 30 шаршы метрлік пәтердің жалдау ақысы кемі 90 мың теңге құрайды.

Сарапшылар Қазақстанда пәтерақы құны енді түспейтінін айтады. Биылғы өсім 2020 жылы пандемия кезінде нарық босап қалып, пәтер иелері жоғалтқан табысының орнын толтыруға тырысуымен түсіндіріледі. Сарапшылар баға 2022 жылғы жазда тұрақталады деп болжап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: