Сәрсенбі, 13 мамыр, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда пойыздар мен ұшақтарда интернет қолжетімді болады

13.05.2026

50 0

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Биыл елдегі республикалық маңызы бар автожолдар мобильді интернетпен, пойыздар мен ұшақтар спутниктік интернетпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Қазақстанның кез келген жерінен ұялы телефон арқылы интернетке қосылу мүмкіндігі болады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жаңа заң таныстырылымында айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

Бүгін Мәжілісте Ж.Мәдиев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

– Соңғы 3 жылда телекоммуникация саласына құйылған инвестиция 1 триллион теңгеден асты. Бұл қазірдің өзінде нақты нəтиже беріп жатыр. Соңғы 2 жылда тіркелген байланыс абоненттер саны 19%, ұялы байланыс – 12% өсті. Мобильді интернет жылдамдығы 75%, ал интернет-трафиктің көлемі 67% артты. Яғни, барлық бағытта өсім бар: трафик те, жылдамдық та, абоненттер саны да тұрақты өсіп келеді. Бұл өсім мобильді операторлардың ең көп қаржы салатын базалық станциялар желісін кеңейтуі есебінен мүмкін болды, – деді Цифрлық даму министрі.

Ескірген 3G технологиясы жүйелі түрде қысқартылып келеді. Тек 3G-мен ғана қамтылған ауылдар саны 4G-ге жаңғырту есебінен 5 есе қысқарып, 550 ауылға дейін азайған.

– 5G базалық станцияларының белсенді құрылысы жалғасып жатыр. Былтыр сала тарихындағы ең ірі жобалар іске қосылды. Алдағы екі жылда 3,5 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. Бұл ауылдарды оптикалық интернетпен қамтуды қазіргі 43%-дан 92%-ға жеткізуге мүмкіндік береді, – деп толықтырды министр.

Биыл республикалық маңызы бар автожолдар, ал келесі жылы – негізгі облыстық автожолдар мобильді интернетпен қамтылады. Сондай-ақ, спутниктік интернет арқылы ел аумағы толық қамтылады.

– Биыл спутниктік интернетті пойыздар мен ұшақтарға енгізу жоспарланған. Өңірде алғаш рет Direct-to-Cell технологиясы қолданылып жатыр. Ол азаматтарға Қазақстанның кез келген жерінен ұялы телефон арқылы интернетке қосылуға мүмкіндік береді, – деді Жаслан Мәдиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: