Сәрсенбі, 13 мамыр, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда үй мен көлік бағасы арзандай ма?

13.05.2026

138 0

фото: KursivMedia мұрағаты

Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үй мен көлік бағасына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Сонымен қатар, ол Астанада салынатын LRT-ны қаржыландыру мәселесі туралы да ойын бөлісті.

«Күмәнмен қараймын»

Соңғы кездері ел арасында баспана мен автокөліктің құны түседі деген қауесет тарап жүр. Премьер-министрдің орынбасары бұған сенбейтінін айтты.

«Бұл жайында естіген жоқпын. Қазіргі уақытта бірдеңенің арзандауы қиын. Бұған күмәнмен қараймын. Қымбаттамаса, соған да рахмет айту керек», – деп жауап берді Серік Жұманғарин.

Оның пікірінше, десе де, үй мен көлік бағалары қымбаттамайды. Оған ешқандай алғышарт жоқ.

LRT-ға ақша қайдан алынады

Жұманғарин Астанадағы LRT-ның жаңа бағыттарын салуға қаржы қайдан алынатыны туралы да пікір білдірді.

«Әзірге жобаны көрмедім. Бұл жобаның қанша тұратыны туралы білмеймін. Бірақ бюджеттік және бюджеттік емес қаржы көздері бар. Жоба қымбат тұруы керек. Мұндай жобаны тек қана бюджеттен қаржыландыру қиын», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Оның ойынша, бұл аралас қаржыландыру болады. Мұндай жобаларды халықаралық қаржы ұйымдар – әріптестер жақсы қабылдайды.

«Сондықтан қаржыландыруды халықаралық қаржы ұйымдары арқылы ұйымдастыруға болады. Жоба кредиттің пайызына төленетін ақшаны жабуға жеткілікті болса, мемлекет кепілдігімен ақырындап жабамыз», – деді Жұманғарин.

Оның айтуынша, бұл жоба Астананың орталығы мен іргелес жатқан Қосшы қаласы арасын жалғайды.

Мұның алдында Жұманғарин ел экономикасының мұнайсыз да дамып жатқанын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: