Сәрсенбі, 13 мамыр, 17:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 (2247)
13.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда үш жаңа орден пайда болады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады

13.05.2026

51 0

Фото: ortcom.kz

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Құжатқа сәйкес, енді елде үш жаңа орден пайда болады.

«Мейірім» ордені – меценаттық және қайырымдылық қызметпен айналысып, қайырымдылық саласына елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталады.

«Қожа Ахмет Ясауи» ордені – танымал қазақстандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекеттік және қоғам қайраткерлеріне беріледі.

«Әл-Фараби» ордені – білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір салаларында жетістікке жеткен азаматтарға арналған.

Заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді.

Еске салсақ, наурыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қожа Ахмет Ясауи» орденін мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген. Ал сәуірде «Әл-Фараби» орденін тағайындауды ұсынды.

Президент «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: