Жексенбі, 08 желтоқсан, 05:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда вейптерге толығымен тыйым салынады

29.07.2023

716 0

Respubliсa партиясы үкіметтің вейптерге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Партия мәліметінше ведомствоаралық комиссия вейптерге, сұйықтықтарға және олар үшін хош иістендіргіштерге толығымен тыйым салу туралы шешімге келген. 

“Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының фракция мүшесі Нұргүл Тау еліміздің Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдаған болатын. Сауал қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулеріне негізделген”, – делінген хабарламада. 

Депутаттың сөзінше, комиссия мүшелерінің барлығы дерлік (12, қарсы 2) бұл шешімді қолдаған. 

“Вейптерге тыйым салу жұмысын өткен шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаттары Зарина Қамасова мен Еділ Жаңбыршин бастады. Қазіргі шақырылымда Мәжілістегі «Respublica» партиясының фракциясы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Темекісіз» қоғамдық қорының басшысы Жәмилә Садықова, «Салауатты одақ» бастамашыл бірлестігінің сарапшылары қолдауымен үлкен жұмыс атқарылды”, – деп мәлімдеді партия өкілдері. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: