Парламент Мәжілісінің қарауына «ҚР Жер кодексіне ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді, – деп хабарлайды KAZINFORM
— Заң жобасының мақсаты — жер қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру, құқықтық қайшылықтар мен олқылықтарды жою, сондай-ақ жер учаскелерін беру, пайдалану және олардың нысаналы мақсатын өзгерту рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру. Заң жобасы жерді басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруды, адал бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз етеді. Аумақтардың орнықты дамуына және жерлерді ұтымды пайдалануға ықпал ететін болады. Осы орайда Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті аталған құжат бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді депутат Серік Егізбаев Мәжілістің жалпы отырысында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
