Дүйсенбі, 25 мамыр, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Қазақстандағы 153 кәсіпорын жұмысшыларға 719 млн теңгеден астам қарыз

25.05.2026

147 0

Фото: Kazinform

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 22,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі, – деп хабарлайды KAZINFORM

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 153 кәсіпорында 1,2 мыңнан астам жұмыскер алдында 719 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтады. Сонымен қатар жүргізілген тексерулер барысында түрлі ұйымдарда еңбек құқықтарының 2,7 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді.

— Жалақы бойынша берешек пен еңбек құқықтарының бұзушылықтары анықталған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 630 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 187,4 млн теңгеден асатын айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы берешегін өтеудің нақты мерзімдері мен қатаң кестесін белгілеудің нәтижесінде 859 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 535,8 млн теңге төленді, — делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауда ұстап отыр.

2026 жылғы 1 мамырдағы деректерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 446 тексеру жүргізіп, оның барысында 2 799 құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде: еңбек қатынастары саласында — 2 340, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша — 433, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша — 26.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21,9 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: