Орталық алаң аумағында заңсыз сауда жасау және рұқсатсыз қызмет көрсетудің алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.
Аралауда заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылып, тиісті айыппұлдар рәсімделді.
Қазіргі таңда аталған аумақ тиісті сала мамандарының тұрақты бақылауында. Қала тұрғындарын заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті бірлесіп нығайтуға шақырамыз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
