Жұма, 19 сәуiр, 10:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қорда дәрі бар ма?

23.01.2021

7020 0

Індет өршіген тұста дәрі таппай сенделген халықтың жай-күйін жеткізу мүмкін емес. Қысылтаяң шақтағы мұндай тапшылық бұл саладағы түйінді тарқату керектігін аңғартқан. Өткен жолғы олқылық қайталанбауы үшін бүгінде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Соның бірі – аймақта дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу. Осы орайда облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.

Брифинг барысында облыста өзекті болған мәселенің қазіргі таңда оң шешім табу жайы сөз болды. Маманның айтуынша, жыл басынан бері қорға 6 миллионға жуық дәрілік заттар әкелінген. Әзірге ыстықты түсіретін дәрілерге, антибиотик, вирусқа қарсы, иммуностимуляторға, медициналық бұйымдарға, инъекциялық және гармондық препараттарға тапшылық жоқ.
– Қазіргі таңда антибиотиктердің 382 755, вирусқа қарсы дәрінің 150221, антикоагулянттың 1317, ыстықты түсіретін препараттың 166 687 қорабы бар. Биыл 6512 дәрілік затқа шекті баға бекітілді. Сонымен қатар вирусқа қарсы 134 дәріге нарықтағыдан төмен баға енгізілді. Дәрі-дәрмекке мониторинг тұрақты жүргізілуде, – деді облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов.
Дәрі-дәрмек қорына жуырда 124 млн теңгені құрайтын дәрілік зат әкелінбек. Ал коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар жеткілікті мөлшерде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: