Конституция

Дүйсенбі, 29 маусым, 14:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48 (2260)
27.06.2026
PDF мұрағаты

«ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитет Қызылорда облысы бойынша департаменті» РММ

29.06.2026

34 0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган.

Табиғи монополиялар саласында тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұл ретте, Қағида талаптарына сәйкес, Департамент тарифті бекіту үшін субъект «Монополист» базасы» веб-порталы арқылы электрондық нысанда өтінім ұсынады.

Департаментпен ұзақ мерзімді кезеңге тариф бекітілген кезде өтінімді ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес тариф бекітілген кезде күнтізбелік отыз күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

Департамент субъект ұсынатын тариф және тарифтік смета жобаларын жария тыңдаулар өткізу кезінде талқылауға шығарады.

Департамент субъект тарифінің және тарифтік сметасының жобасын қарау нәтижелері туралы қорытынды негізінде оның қолданылу мерзімін көрсете отырып тарифті бекіту немесе оны бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Субъект тарифтің бекітілгені туралы ақпаратты қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұтынушының назарына жеткізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: